МЕДИЦИНАЛЫҚ СКРИНИНГ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕ ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ – Научно-практический журнал «Medicine, Science and Education»

МЕДИЦИНАЛЫҚ СКРИНИНГ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕ ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Дата публикации :


Author(s) :

Жумагулов Марат Толыбаевич , Камалиев Максут Адильханович .


Выпуск :
Volume
,
Issue
(12 - )



Описание :

Бұл ғылыми мақалада ауылдық жерлерде медициналық скрининг бағдарламаларын енгізудің тиімділігі мен оның халық денсаулығына әсері талданды. Қазіргі таңда Қазақстан халқының шамамен 41%-ы ауылдық елді мекендерде тұрады, алайда бұл аймақтарда медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы қалаға қарағанда төмен деңгейде қалып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, ауылдық тұрғындардың шамамен 25–30%-ы скринингтік тексерулерден мүлдем өтпейді, ал созылмалы аурулардың 60%-дан астамы кеш сатыда анықталады. Зерттеу жұмысының мақсаты – ауылдық жерлерде медициналық скринингтің ұйымдастырылу ерекшеліктерін, тиімділігін және оның қоғамдық денсаулықты жақсартудағы рөлін бағалау. Мақалада скрининг бағдарламаларының ауыл халқы арасында аурулардың ерте диагностикасын қамтамасыз етудегі маңыздылығы, медициналық инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, кадр тапшылығы және ақпараттық түсіндірудің төмендігі сияқты факторлар қарастырылды. Нәтижелер көрсеткендей, ауылдық аймақтарда скринингтік бағдарламаларды жүйелі енгізу жүрек-қантамыр, қант диабеті және онкологиялық ауруларды ерте анықтау көрсеткішін орта есеппен 15–20%-ға арттыруы мүмкін. Сонымен қатар, тұрғындар арасында профилактикалық мәдениетті қалыптастыру, мобильді медициналық кешендерді пайдалану және цифрлық денсаулық сақтау жүйесін енгізу скрининг тиімділігін едәуір жоғарылатады. Зерттеу қорытындылары ауылдық денсаулық сақтау жүйесінде скринингті кеңейту халықтың өмір сапасын жақсартудың және аурушаңдықты төмендетудің маңызды стратегиялық тетігі екенін дәлелдейді.


Количество скачиваний :

0