«Medicine, Science and Education» ғылыми-практикалық журналы (бұдан әрі – Журнал) – әдеби шолуларды, түпнұсқа зерттеулердің нәтижелерін, клиникалық медицина мен қоғамдық денсаулыққа байланысты практикадан алынған жағдайларды жариялайды.
Журналды 2000 жылы Вирджиния Достастық университетінің (Virginia Common wealth University) қолдауымен Қазақстандық Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі құрды.
Құрылтайшысы: «ҚДСЖМ» Қазақстан медициналық университеті» ЖШС.
Ғылыми мақалалардың авторлары және басылымның негізгі оқырман аудиториясы денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар мен мамандар, тәжірибешілер, ҒЗИ, ҒО ғылыми қызметкерлері және Қазақстаннан, ТМД елдерінен және алыс шетелдерден келген ЖжЖБКБҰ педагог қызметкерлері, магистранттар мен докторанттар, резидентура тыңдаушылары, медицина және ғылым саласындағы жас ғалымдар болып табылады.
2001 жылдан бастап «Medicine, Science and Education» ғылыми-практикалық журналы тоқсан сайын шығарылады және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркелді.
Журнал ISSN халықаралық сериялық басылымдарды тіркеу орталығында (ЮНЕСКО, Париж, Франция) тіркелген және ISSN: 1609 – 8692 (print) бар.
Негізгі тақырыптық бағыты – медициналық білім беру, денсаулық сақтауды ұйымдастыру, медицина ғылымы және практика бойынша журналда материалдарды жариялау.
Журнал келесі бөлімдерден тұрады:
І. Әдеби шолулар
ІІ. Қоғамдық денсаулық сақтау
ІІІ. Эксперименттік және клиникалық медицина
ІV. Медициналық білім
Басылымның жиілігі-тоқсан сайын.