ЖЕКЕ КЛИНИКАДА УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ДИАГНОСТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ. ӘДЕБИ ШОЛУ – Научно-практический журнал «Medicine, Science and Education»

ЖЕКЕ КЛИНИКАДА УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ДИАГНОСТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ. ӘДЕБИ ШОЛУ

Дата публикации :


Author(s) :

Рысбекова Дана Бауыржановна, Камалиев М.А, Сабитов Думан Нурсерикович.


Выпуск :
Volume
,
Issue
(12 - )



Описание :

Бұл жұмыста жеке клиника жағдайында ультрадыбыстық диагностиканы (УДД) ұйымдастыру мәселелері қарастырылады. УДД – қазіргі заманғы медицинада науқастарды жылдам және қауіпсіз тексерудің тиімді әдісі болып табылады. Диагностикалық дәлдігі жоғары, инвазивті емес және қолжетімді болғандықтан, бұл әдіс амбулаториялық деңгейде де кеңінен қолданылады. Жеке клиникаларда УДД қызметін ұйымдастыруда бірқатар факторлар ескерілуі қажет: медициналық жабдықтардың сапасы, білікті кадрлармен қамтамасыз ету, қызметтің тиімділігін арттыру үшін цифрлық жүйелерді енгізу, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау. 2024 жылғы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, республика бойынша ультрадыбыстық зерттеулердің жалпы саны 12,3 миллионнан асқан, оның ішінде 35%-дан астамы жеке клиникаларда орындалған. Бұл жеке секторда УДД қызметіне деген сұраныстың тұрақты түрде өсіп жатқанын көрсетеді. Зерттеу барысында УДД қызметін енгізу клиниканың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, пациенттердің медициналық көмекке қолжетімділігін жақсартатыны анықталды. Сонымен қатар, қазіргі заманғы УДД аппараттарын пайдалану арқылы диагностика сапасын едәуір жоғарылатуға мүмкіндік бар.


Количество скачиваний :

0