ПЕРИНАТАЛДЫҚ КӨМЕК ЖҮЙЕСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ. ӘДЕБИ ШОЛУ – Научно-практический журнал «Medicine, Science and Education»

ПЕРИНАТАЛДЫҚ КӨМЕК ЖҮЙЕСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ. ӘДЕБИ ШОЛУ

Дата публикации :


Author(s) :

Аймагамбетова Алия Сабитовна , Куракбаев Куралбай Куракбаевич .


Выпуск :
Volume
,
Issue
(12 - )



Описание :

Перинаталдық орталықтардағы медициналық қызметтің сапасы мен тиімділігін арттыруда инновациялық шешімдерді енгізу қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл ғылыми мақала перинаталдық көмек көрсету саласында инновациялық қызметті жетілдірудің түрлі бағыттарын зерттеп, ана мен баланың денсаулығын қорғау мен жақсарту үшін жаңа технологиялар мен әдістерді қолданудың тиімділігін талдайды. Мақалада заманауи медициналық құрылғылар мен ақпараттық технологиялардың рөлі қарастырылады, оның ішінде телемедицина, электронды денсаулық паспорттары және жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін диагностикалық жүйелердің енгізілуі. Бұл технологиялар медициналық қызметтің сапасын арттырып, ақпараттық процестерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, оқу бағдарламалары мен симуляциялық тренингтердің маңызына ерекше көңіл бөлінеді. Орталықтардағы мамандардың дағдылары мен білімдерін үнемі жетілдіру ана мен балаға көрсетілетін көмектің сапасын жақсартады. Зерттеуде ұсынылған инновациялық шешімдер перинаталдық орталықтардың құрылымдық тиімділігін арттыруға, қызмет көрсету процестерін автоматтандыруға және жұмыс ағындарын оңтайландыруға бағытталған. Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан бұл инновациялар ана мен баланың денсаулығын қорғау мен жалпы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға маңызды әсер етеді.


Количество скачиваний :

0