БАЛАЛАРҒА РЕВМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. ӘДЕБИ ШОЛУ
Дата публикации :
Author(s) :
Выпуск :
Описание :
Қазіргі таңда балалар арасында ревматологиялық аурулардың таралуы жылдан жылға өсіп келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде әр 1000 баланың 1–2-сі ювенильді идиопатиялық артритпен (ЮИА) ауырады. Қазақстанда соңғы 5 жылда балалар арасындағы ЮИА көрсеткіші 100 мың балаға шаққанда 15–18 жағдайды құрап отыр. Бұл жағдай ревматологиялық көмекті ұйымдастыруда тиімді басқару тетіктерінің қажеттілігін айқындайды. Балалар ревматологиясы саласындағы мамандар тапшылығы өзекті мәселе болып қалып отыр: ел бойынша балалар ревматологтарының саны жеткіліксіз, кей аймақтарда мүлдем жоқ. Ауруларды ерте диагностикалау мен мамандандырылған көмекке уақытылы жолдама беру — тиімді ұйымдастырудың басты шарттарының бірі. Республикалық деңгейде балалар ревматологиясы бойынша стандартталған хаттамалардың жетіспеушілігі емдеу сапасына кері әсер етуде.
Количество скачиваний :
0
