ЖОҒАРЫ ҚАУІП ДӘРЕЖЕСІНДЕГІ ЖҮКТІЛІК: АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПЕРИНАТАЛДЫҚ КӨМЕК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ. ӘДЕБИ ШОЛУ – Научно-практический журнал «Medicine, Science and Education»

ЖОҒАРЫ ҚАУІП ДӘРЕЖЕСІНДЕГІ ЖҮКТІЛІК: АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПЕРИНАТАЛДЫҚ КӨМЕК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ. ӘДЕБИ ШОЛУ

Дата публикации :


Author(s) :

Сейталиева Айгуль Ермухановна .


Выпуск :
Volume
,
Issue
(12 - )



Описание :

Мақалада медициналық көмектің сапасы мен оны ұйымдастыру ерекшеліктері контексінде ана мен бала денсаулығын сақтау мәселесі қарастырылады. Ана мен бала өлім-жітімі денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін бағалаудың негізгі индикаторларының бірі болып табылады. Жоғары қауіп дәрежесіндегі жүктілік (High Risk Pregnancy – HRP) ана мен баланың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретіні дәлелденген. Мақалада осы қауіп тобындағы әйелдерге медициналық көмек көрсету тәжірибесі халықаралық (Нидерланды, Қытай, Иран, Латын Америкасы елдері) және отандық деңгейде салыстырмалы түрде талданды. Зерттеуде жоғары қауіп тобындағы жүкті әйелдерге медициналық көмекті тиімді ұйымдастырудың құрылымдық, клиникалық және әлеуметтік аспектілері сипатталды. Атап айтқанда, перинаталдық көмекті өңірлендіру, мультидисциплинарлық топтардың жұмысы, пренаталдық скрининг және үйде күтім көрсету тәжірибелері қарастырылды. Нидерландыдағы үш деңгейлі жүктілікті басқару жүйесі мен Қытайда іске асырылған «Бес стратегия» бағдарламасы ана өлім-жітімін азайтудың тиімді үлгілері ретінде талданған. Сонымен қатар, Латын Америкасы мен Ирандағы психосоциальдық қолдаудың нәтижелері ана мен бала денсаулығына жан-жақты көзқарастың қажеттілігін көрсетеді. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары перинаталдық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған реформалар жүргізілуде. Ұлттық клиникалық хаттамалар енгізіліп, үш деңгейлі перинаталдық көмек жүйесі қалыптасқанымен, өңірлік теңсіздіктер мен кадрлық қамтамасыз ету мәселелері әлі де өзекті.


Количество скачиваний :

0